Нұр-Сұлтанда жүк көлігіне соғылған «Toyota Camry» жүргізушісі көз жұмды

13:02, 11 мамыр 2021
302

© Сурет: bycars.ru

10 мамырда сағат 18:40-та 102 арнасына жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғаны, 51 жастағы "Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен 40-шы станцияға қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Нәтижесінде 32 жастағы жүргізуші басқарған "Shacman" жүк көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан "Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды.

Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге мұқият болуды және жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!