Нұр-Сұлтанда жол апаты орын алып, бір адам қаза тапты

10:57, 11 мамыр 2021

© Сурет: bycars.ru

10 мамырда Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Toyota Camry көлігінің 51 жастағы жүргізушісі әл-Фараби даңғылынан 40-шы станцияға қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, 32 жастағы жүргізуші тізгіндеген Shacman жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Нұр- Сұлтан қалалық ПД.

Апат салдарынан Toyota Camry жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!