Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі табылды

17:45, 22 қыркүйек 2021
201

© Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ПД

Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қыздың анасы полицияға арызбен жүгініп, 19 қыркүйек күні сағат 11.00-де оның үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын айтты.

Хабар-ошарсыз кеткен қызды табу үшін қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы, одан бөлек қосалқы күштер, Ұлттық ұланның жеке құрамы, сондай-ақ волонтерлар мен ерік танытушы өзге де адамдар бағыт-бағдар алды. Қызды соңғы рет Бараев көшесі жағындағы көпірден көргендер болған. Іздеуге сүңгуірлер тобын тарту туралы шешім қабылданды.

22 қыркүйекте сағат 11.20-да жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел құтқару жасағымен бірге Есіл өзенінен бойжеткеннің мәйітін тапты, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!