Нұр-Сұлтанда 25 жастағы бойжеткен пневмониядан көз жұмды

17:12, 26 маусым 2020

Елорданың 25 жастағы тұрғыны пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

- 19 маусымда ауыр халдегі бойжеткен жедел жәрдем стансасына жеткізіліп, №1 қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне орналастырылды. Ауруханаға түскен кезде қыз ентігіп, ауа жетпей жатқанына, дене қызуы барына, жалпы әлсіздікке шағымданған. Тынысы әбден тарылғандықтан қыздың жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлады басқармадағылар.

Дәрігерлер жүргізген барлық ем-дом шараларына қарамастан, бойжеткен 25 маусымда қайтыс болды. Қызға екі жақты полисегментальды пневмонияның асқынуы, тыныс алу жеткіліксіздігі сынды диагноз қойылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!