Нұр-Сұлтанда 12 жасар бала бес миллион теңгесі бар сөмкені ұрлап кетті

13:07, 27 мамыр 2022
193

© Сурет: Zakon.kz

Қостанай облысының тұрғыны полицияға ірі көлемдегі ақшаны ұрлау дерегі бойынша арызданған. Ер адамның айтуынша, ол елордаға жеке хабарландырулар сайтында таңдаған көлігін сатып алуға келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 мамыр күні сағат 14:00 шамасында Жеңіс даңғылындағы үйге көлікті көру үшін келген. Үй иесімен тілдесу кезінде жәбірленуші қара сөмкесін ағаш бұтағына іліп қойған. Ол мұны көліктің жағдайын бағалауға ештеңе кедергі болмас үшін жасаған. Сол кезде қоқыс жәшігінің жанында металл жинап жүрген шетелдік азаматтар болған. Олардың бірі, атап айтқанда жасөспірім ішінде 5 миллион 13 мың теңге ақша салынған сөмкені алып, кетіп қалған сәті камераға түсіп қалған. Нұр-Сұлтан ПД

«Жедел хабар» түскен полицейлер ұрыны ұстады. Анықталғандай сөмкені әкесіне 12 жастағы бала тапсырған.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұрланған сөмке тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Жасөспірімді ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Нұр-Сұлтан ПД

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!