Нұр-Сұлтанда 20-29 жас аралығындағы 13 жезөкше қыз ұсталды

09:58, 1 қазан 2020
604

Нұр-Сұлтандық полицейлер интим қызмет көрсетумен күн көретін тұлғаларды ұстап алу үшін рейдтік шаралар жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер сонымен қатар боди-массаж қызметін ұсынатындар мен жеңгетайлықпен айналысатындарды да анықтады.

26 қыркүйекте Біржан сал көшесінде тұтынушыларға интим қызмет көрсетуге машықтанған жас қыздарды ұсынатын жеңгетай әйел ұсталды.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінен интим қызметтер көрсетілетін массаж салоны мен пәтерлер табылды. Полицияға 20-29 жас аралығындағы 13 жезөкше жеткізілді.

Үй-жайын жезөкшелікпен айналысу мақсатында жалға бергені үшін жылжымайтын мүлік иелеріне қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!