Нұр-Сұлтанда жаппай вакцинация қарқын алып келеді

15:40, 19 сәуір 2021
493

© Сурет: astana.gov.kz

Елордада сәуір айынан бастап қала тұрғындарын ғана емес еліміздің өзге өңірлерінен келген азаматтарды да жаппай вакцинациялау басталды.

Сәуір айының басынан бастап шамамен 47 мың адам вакцинацияланды. Сондай-ақ, вакцинацияға тұрғылықты жері бар, жұмыс істейтін және ҚР аумағында тұратын шетелдіктер де жіберілді.

Ел тұрғындарын вакцинациялауды кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін артты. ЖМСК ұйымдары үшін жұмыс уақыты 8:00-ден 24:00-ге дейін, СОО-ларда 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзарды. Сондай-ақ, қаланың екі ірі "Mega Silk Way"және "Хан Шатыр" СОО-ларында егу орындары ұйымдастырылды.

Мысалы, бір аптада "Mega Silk Way" СОО-да 1700-ден астам адам вакцинацияланды.

Екінші сауда-ойын-сауық орталығы — "Хан Шатырда" азаматтарды жаппай вакцинациялау бүгін (19 сәуір) басталды. Жақын арада мұндай пункттер «Керуен» СОО мен «Абу-Даби Плаза» кешенінде де ашылады. Қажет болған жағдайда вакцинация пункттерін қаланың қонақ үйлерінде де ашу жоспарда бар.

Халықтың COVID-19-ға қарсы вакцина алу белсенділігінің жоғары болуына байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы көшпелі бригадалар ұйымдастырып, еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялауға кірісті. Түрлі кәсіпорындарда COVID-19 вакцинасын алғысы келетіндердің саны 1000 адамға жетеді.

Қала бойынша барлығы 60 мыңға жуық адам вакцинацияланды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!