Нұр-Сұлтанда жағдай қиын. Ауру шарықтау шыңына жетті

12:08, 22 шілде 2021
268

© Сурет: zakon.kz/Золотухин

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тимур Мұратов қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта елорда тұрғындары арасында коронавирусқа шалдығу деңгейі өз шыңына жетті. 22 шілдедегі таңғы дерек бойынша, 2 556 науқас жұқпалы аурулар ауруханаларында ем қабылдап жатыр. Оның ішінде коронавирус 2 270, пневмония 286 адамнан расталды. Ауруханалардағы жүктеме 72% құрайды, - деді Мұратов әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, 16 ауруханада барлығы 3 562 төсек-орын орналастырылған. Бірақ аурудың қарқынды өсіміне байланысты қалалық ауруханаларды жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарды қабылдайтындай етіп қайта құрып, күндізгі стационарға жоспар бойынша науқастарды қабылдауды доғару қажет.

Біз төсек-орындарды көбейтуге және барлық ресурстарды пайдалануға мәжбүрміз. Күніне коронавирустан 10-15 кісі өлімі тіркеледі. Өткен тәулікте 333 адам ауруханаға түсті, - деді ол.

Бар жұқпалы төсек-орындардың тек 1006-сы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі 62-сі ғана қазір бос.

Жан сақтау бөлімінде барлығы 230 науқас жатыр, оның ішінде коронавирусы - 203. 70 адам ауыр дәрежеде, 47 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, - деді елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

Көп адам өзін-өзі емдеумен айналысатындықтан ауыр халдегі науқастар қатары көбейіп келеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!