Нұр-Сұлтанда үйінде қамалып жатқан ер адам балконында «концерт» қойды

09:35, 20 наурыз 2020

Елордада коронавирусқа байланысты карантинде үйінде жатқан ер адам балконында "концерт" қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Facebook-те кешқұрым уақытта гитарасын тағынып, балконда "Рождество" тобының "Так хочется жить" деген әнін шырқаған ер адамның видеосы жарияланды.

Бұл видеоны жүктеген әлеуметтік желі қолданушысы Думан Қапасовтың айтуынша, ол Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен түсірілген.

"Карантин кезінде жақсы көңіл-күй мен керемет ән сыйлағаныңыз үшін рахмет", деп жазды ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!