Нұр-Сұлтанда төрт күнге демалыс жарияланғаны рас па - әкім мәлімдемесі

14:34, 23 қаңтар 2020
242

Нұр-Сұлтан қаласында ел тұрғындарын елең еткізген хабар тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Онда 23-26 қаңтар аралығында елордада барлық ұйымдардың жұмысы тоқтатылатындығы айтылған.

Осыған байланысты қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

"Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қаладағы барлық мекемелердің жұмысын тоқтатуға қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз.
Барлық ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында және аккаунттарында бар", - деп жазды әкім желіде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!