Нұр-Сұлтанда тағы бір науқас коронавирустан айықты

12:16, 31 наурыз 2020

Тағы бір науқас Нұр-Сұлтанда ауруханадан емделіп шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Сәуле Қисықова хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда қала ауруханаларында 1 693 адам, оның ішінде 96 бала жатыр.

Коронавирусты жұқтырудың жалпы 175 жағдайы анықталды. Стационарда 159 адам емделіп жатыр, 15 науқас емделіп шықты.

Нұр-Сұлтанда жаңа вирустан тағы бір кісі өлімі тіркелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!