Нұр-Сұлтанда сатушыларды біртүрлі әдіспен алдайтын алаяқ ұсталды

10:36, 22 шілде 2021

© Сурет: видеодан алынды

Елордада теміртаулық алаяқ ерекше әдіспен сатушыларды алдаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Біржан сал көшесі бойындағы кафеде жас жігіт "ақшамды майдалап беріңізші" деп 10 мың теңгені оп-оңай иеленді. Осыған ұқсас схема бойынша күдікті елордадағы үш сауда нүктесінің сатушыларын алдаған. Дүкеннен себетіне азық-түлік толтырып, кассаға келген жігіт 10 мың теңгені көрсетіп, бірақ оны қолынан шығармайды. Сатушы есепті санап, қайтаратын ақшаны кассадан алып жатқанда, ол сатушыны әңгімеге айналдырып, 10 мың теңгені қайта әмиянына салады. Осыдан кейін ол "сатып алған" заты мен қайтарған ақшаны алып, қылмыс болған жерден ізін суытып отырған, - дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Департаменттегілер алаяқтыққа күдіктінің Қарағандыда ұсталғанын жеткізді.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 29 жастағы күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған, - дейді полициядағылар.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!