Нұр-Сұлтанда қызылшадан қайтыс болған балаларға қатысты құзырлы өкіл түсінік берді

15:54, 18 қазан 2019

Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің бастығы Сәдуақас Байғабылов қызылшадан қайтыс болған балаларға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Ата-аналардың сау балаларын қызылшаға қарсы ектіруден бас тартуы елорда тұрғындары арасында қажетті иммундық деңгейдің төмендеуіне әкеліп соқтыруда. Соның салдарынан қызылша вирусы ауада белсенді түрде таралуда, ал вакцинация жасына жетпеген немесе денсаулығына байланысты қарсы көрсетілімдері бар балалар (қорғалмаған) мұндайда инфекцияға қарсы тұруда әлсіз болады, - деді Байғабылов.

Оның айтуынша, 2019 жылы қызылша жұқтырып, оның асқынуы салдарынан Нұр-Сұлтанда 13 "қорғалмаған" бала қайтыс болды.

- Қызылша ауруының алдын алуда және ауыр асқынулардың дамуын болдырмас үшін жалпы еліміздегі балалар санының кем дегенде 95 процентіне екпе жасалуы тиіс, - деді ол.

Алдында ҚР Денсаулық министрлігі енді балабақшаларға міндетті екпені жасатпаған балаларды қабылдауға тыйым салынатынын мәлімдеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!