Нұр-Сұлтанда қыз зорлады деп ұсталған күдікті қашып кетті

17:34, 9 қазан 2019

Нұр-Сұлтан қаласындағы психоневрологиялық диспансерден қыз зорлады деген күдікті қашып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қазанда шамамен сағат 12.22-де уақытында Жансүгіров көшесіндегі психоневрологиялық диспансер аумағынан тергеу үшін қамауға алынған адам қашып кетті (ҚР ҚК 120-бабы - зорлау).

- Полиция департаментінің жеке құрамасы оны іздеуге жұмылдырылды. Сондай-ақ полиция қала тұрғындарынан қаскөйді ұстауға ат салысуға шақырады. Бұл күдіктіге қатысты қандай да бір мәлімет болса, мына телефондарға хабарласуды сұрайды: Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің кезекші бөлімі - 71-60-10 немесе 8 (7172) 71-60-07, 71-60-29, 71-60-22, 71-63-29, ұялы телефондар: 87018808070, 87789508176, - дейді полициядағылар.

Іздеу жарияланған адамның белгілері: бойы - 175-180 см, шашы қара, қысқа, көздері - қара. Үстіндегі киімі: кәпешоны бар қара күртеше, бас әріптермен "Italiy" деген жазуы бар қара көк түсті қалың жемпір, қара түсті спорттық бас киім, қара көк түсті спорттық трико, аяғында қара туфлиі бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!