Нұр-Сұлтанда Кенесары көшесі 28 тамызға дейін ішінара жабылады

13:20, 10 тамыз 2020

Елордада Кенесары көшесі 28 тамызға дейін ішінара жабылады. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында хабарлама жарияланды.

Орташа жөндеу жұмыстары аясында Кенесары көшесінде Сарыарқа даңғылынан Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 10-28 тамыз аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасындағылар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!