Нұр-Сұлтанда карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін

09:57, 18 мамыр 2020

Санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтандағы карантин шаралар күшейтілуі мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарламасына сәйкес, санитарлық нормаларды бұзғаны үшін бірқатар нысандар жабылды: құрылыс компаниялары, азық-түлік емес дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар (тауарды үйге жеткізу бойынша жұмыс істеген) және т.б.

Бұл нысандар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес келмейінше ашылмайды.

Бұған дейін 15 нысан санитарлық нормаларға сәйкес келмегені үшін жабылған болатын. Коронавирустың таралуын болдырмау үшін қатаң ережелер қабылданды.

Адамдар арқаны кеңге салмауы керек, маска режимі барлық жерде сақталуы тиіс, егер кім де кім қатаң санитарлық режимді ұстанбаса, қала қайтадан қатаң карантиндік ережелерге оралады және қазіргідей ештеңе болмайды. Біздің бұрынғы қалыпты өмірге тез оралуымыз тек сіз бен бізге байланысты , - деді елордалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!