Нұр-Сұлтанда қайтыс болған әйелдің өліміне коронавирустың қатысы жоқ - әкімдік

14:52, 16 мамыр 2020

Кеше, 15 мамырда Нұр-Сұлтанда бір әйел адам қайтыс болды. Өлімнің себебі коронавирус ретінде тіркелген еді. Бірақ бүгін, 16 мамырда әкімдік бұған қатысты жаңа мәлімет таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұрын хабарланғандай, өлім прогрессивті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен туындаған қайтарымсыз органикалық әсерден орын алды. Сонымен қатар, науқаста коронавирус инфекциясы және басқа да бірқатар ауыр аурулар қатар жүрді. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы жанындағы КВИ бойынша оң нәтиже шыққан науқастар өлімін зерттеу жөніндегі комиссия бұл фактіні КВИ-дің салдары деп санамауға шешім қабылдады.

62 жастағы әйел дәрігер болған, ол 10 күн бойы үйінде өзі емделген. Оның жағдайы 31 наурызда күрт нашарлап кетті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!