Нұр-Сұлтанда кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты өзгертілді

21:43, 15 қаңтар 2021
341

Нұр-Сұлтанда кафе мен мейрамханалардың жұмыс кестесі өзгертілді. Енді олар 20:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова кафелер, мейрамханалар, барлар мен асханалардың жұмыс уақытын өзгерту туралы Қаулыға қол қойды.

Қаулы 18 қаңтардан бастап өз күшіне енеді.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде 30-дан аспайтын отыратын орынның толуы бойынша шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, авто-экспресстің және тамақты жеткізудің жұмысын штаттық режимде ұйымдастыруға рұқсат етілсін, делінген құжатта.

Дегенмен ұжымдық, салтанатты, отбасылық, ас беру (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі орын алған кезде жұмыстарына тыйым салуды қамтамасыз ету қажет,

Сонымен қатар, енді астаналықтар спорт залда демалыс күні фитнеспен айналыса алмайды.

Фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын бассейндер мен сауналарды және басқа да қызмет түрлерінің (СПА, массаж, пилинг және т. б.) іске қосылуымен (бір келушіге 4 м2 есебімен, бір келушіге 5м2су айнасын және 50%-дан көп емес жалпы толтырылуын қамтамасыз ету кезінде) қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және демалыс күндері жұмыстарына тыйым салынады.

Жабық бассейндердің жұмысын сауналарды қатыстыра отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтемеден таныса аласыздар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!