Нұр-Сұлтанда Евразиялық медиа форум өтіп жатыр

10:13, 16 қыркүйек 2021
78

© Сурет: Еуразиялық медиа форум

Нұр-Сұлтанда Еуразиялық медиа форум өтіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Форумның екінші күні халықаралық және қазақстандық сарапшылар пандемияның жаһандық процестерге әсерін, бұқаралық ақпарат құралдары мен технологиялар саласында қалыптасқан үрдістерді, расталмаған ақпараттардың шамадан тыс көп болу проблемасын, сондай-ақ күнтәртібіндегі жаңа экологиялық мәселелерді талқылайды. Есімі жария етілген спикерлердің қатарында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева, "Еуразия" Бірінші арнасының бас директоры және zakon.kz ақпараттық порталының негізін қалаушы Сергей Киселев, Euronews халықаралық сатылымдары жөніндегі директоры Кьелл Штейн, Bloomberg Media Group компаниясының аймақтық директоры Тодд Баер, ресейлік журналист Ксения Собчак және америкалық режиссер әрі продюсер Оливер Стоун да бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір