Нұр-Сұлтанда еліміздің басты шыршасының шамы қашан жағылады

20:15, 3 желтоқсан 2021

© Сурет: pixabay

Әкім шыршаға қосымша қаражат бөлінбегенін айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы жаңажылдық шыршаның шырақтары қашан жағылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің жоспарымызға сай, жаңажылдық шыршаның шамын Тәуелсіздік күнін тойлағаннан кейін жағамыз. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Әкім шыршаға қосымша қаражат бөлінбегенін айтты, себебі өткен жылы қолданған шырша мен шамдар биыл да пайдалануға жарамды.

Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайды. Бұған дейін қазақстандықтардың желтоқсан айында қанша күн демалатынын жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!