Нұр-Сұлтанда демалыс күндері 16 мас жүргізуші ұсталып қалды

17:08, 19 сәуір 2021
278

© Сурет: pkzsk.info

Екі күндік рейд барысында жол ережесін бұзудың 18 дерегі тіркелді, көлікті мас күйде басқарған 16 жүргізуші ұсталды, олардың біреуі жүргізуші куәлігінен айырылған болса, енді бірі медициналық куәландырудан бас тартты, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коммуналдық тұраққа 18 автокөлік жеткізілді.

Мәселен, полицейлер Қабанбай батыр даңғылымен түнделетіп келе жатқан "Subaru Legacy" көлігін тоқтатып көрсе, 41 жастағы жүргізушіден алкоголь иісі шығып тұр екен. Ол басында медициналық куәландыруға баруға келісіп, сосын сол жерге жеткен кезде куәландырудан өтпеймін деп жынды қылды.

Оған қарсы Әкімшілік кодекстің 613 бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, көлігі коммуналдық тұраққа кетті.

Қазіргі заң бойынша, мас күйінде ұсталған жүргізуші 15 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!