Нұр-Сұлтанда BMW жүргізушісі жаппай жол апатын жасады. Үш көлік зардап шекті

15:39, 22 шілде 2021
388

© Сурет: rg.ru

Нұр-Сұлтанда Toyota көлігі апат салдарынан аударылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты 20 шілдеде Ұлы Дала даңғылының бойында түскі уақытта болған.

Елордалық ПД атап өткендей, 31 жастағы BMW жүргізушісі Lexus-пен соқтығысқан.

Салдарынан BMW көлігі бар инерциясымен Toyota RAV 4-ті соғып, ол сол жағына аударылып қалған. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ, - деп нақтылады департаменттегілер.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, BMW жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!