Нұр-Сұлтан мектептерінде сабақ болмайды

09:50, 19 қараша 2019

Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымда оқитын 0-ден бастап 4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2019 жылдың 19 қарашасында ауа-райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды" делінген Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының баспасөз қызмет таратқан хабарламада.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 19 қарашада елордада боран соғып, қар жауады. Солтүтсік батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа секундына 15-18 метр жылдамдықта ұйтқиды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!