Нұр-Сұлтан маңында екі жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

18:37, 19 қазан 2021

© Сурет: облыстық ПД

Ақмола облысында жол апаты орын алып, екі жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 18 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолының 387 шақырымында Красный Горняк ауылының маңында болды.

Газель көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Toyota Camry көлігін сүйреп келе жатып, MAN жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Газельдің" екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, - деп атап өтті облыстық ПД.

Газель жүргізушісі түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі, "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!