Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары жаңадан тағайындалды

12:59, 28 қаңтар 2020
876

Президенттік кадрлар резервінің мүшесі Нұрлыбек Жеңісбек Нұр-Сұлтан әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол Стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми өкілі болып қызмет еткен.

Нұрлыбек Жеңісбек 1988 жылы туған. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетті (филология бакалавры) аяқтаған, халықаралық қатынастар магистрі (Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы).

Еңбек жолын 2006 жылы "Қазақстан" телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары облыстық және республикалық телеарналарда редактор, тележүргізуші қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, 2013-2017 жылдары Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі лауазымдарын атқарған. Сондай-ақ, ОҚО “Ақпараттық Талдау” орталығының директор орынбасары болып істеген.

2017 жылдың ақпанынан бастап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы лауазымын атқарып келген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!