Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімі қызметінен босатылды

14:41, 18 мамыр 2020

Әділбек Сәрсембаев Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы экс-әкімнің өзі Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қайырлы таң, құрметті Алматы ауданының тұрғындары! Басқа қызметке ауысыма байланысты, мен Алматы ауданының әкімі ретінде қызметімді тоқтатамын. Бұл лауазымда мен 3,6 жыл қызмет атқардым, шынымды айтсам, уақыт зымырап өтті. Күнделікті, біз әріптестерімізбен ауданымызды жақсы жағынан көрсетуге тырыстық, халықпен кездесулер өткіздік, аудан аумағын жұмыс бабымен араладық, іс-шаралар өткіздік", деп жазды ол.

Сәрсембаеы осы аралықта тұрғындармен жақсы байланыс орната алғанын мақтанышпен айтты.

"Біз тұрғындарды мазалаған мәселелерді білдік және тұрғындардың қажетсінуіне сүйене отырып шешімдер қабылдадық! Осы уақыт ішінде тұрғындар алдында бірнеше мәрте есеп бердім, іс жүзінде тұрғындардың барлық өтінішін орындадым, бірақ, олардың басында біраз шешілмеген проблемалар қалды, аппарат ұжымының жұмыс істейтініне және бұл мәселелерді шешетіндігіне сенімдімін. Сіздердің барлықтарыңызға жылы сөздеріңізбен және істеріңізбен қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді, ол әкім қызметінде өте маңызды, халықтың қолдауын сезінгенде барлық міндеттерді шешу әлдеқайда жеңіл болады!!! Сіздерге бақыт, денсаулық, бастарыңызға бейбіт күн тілеймін!!! Біздің ауданымыз, Елордамыз, Еліміз гүлдене берсін!!!" делінген жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!