«Нұр Сұлтан» халықаралық әуежайында оқ атылды

14:40, 6 желтоқсан 2019
296

"Нұр Сұлтан" халықаралық әуежайында оқ атылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл факт "Нұр-Сұлтан" әуежайындағы полицияның желілік бөлімінің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы, 3-бөлігі, яғни "Абайсызда адам денсаулығына зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі ретінде тіркелді.

- Тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қазіргі уақытта тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді, деп хабарлады көлік полициясы.

Әуежайдың баспасөз қызметі ресми хабарлама дайындауда. Әзірге, бұл оқиға авиациялық қауіпсіздік қызметі офицерлерінің қаруды тексеру кезінде орын алғаны белгілі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!