Нұр-Сұлтан әуежайында 66 жастағы кісінің бір сөмке ақшасы ұрланды
Көлік полицейлері "Атырау-Нұр-Сұлтан" әуе рейсінің жолаушысынан 2500 АҚШ доллары мен 200 мың теңге ұрлаған Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылғы 24 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Халықаралық әуежайындағы Желілік полиция бөліміне "Скат" әуе компаниясының "Атырау-Нұр-Сұлтан" бағытындағы әуе рейсінің 66-жастағы жолаушысы шағымданып келген. Оның айтуынша, жүк бөлімшесінде белгісіз тұлға оның жеке заттары мен 2500 АҚШ доллары және 200 000 теңге көлеміндегі ақша қаражаты салынған жүгін ұрлап кеткен. Сондай-ақ, ол жүктің Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келгенде жоғалып кеткенін айтқан.
Сол күні-ақ көлік полицейлерімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігімен, яғни, ірi мөлшерде жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық әуежайдың Желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы рейспен ұшып келген жолаушыны анықтап, ұстады. Ол Қарағанды облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қаскүнем тасымалдағыш багаж лентасында жәбірленушіге тиесілі заттар мен ақшаларды жасырын ұрлап кеткенін мойындады.
Ұрланған заттар мен ақша тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық №2 сотының үкімімен азамат қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3,6 жыл мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:00, 28 наурыз 2024
Ақтөбе облысының екі ауданында төтенше жағдай жарияланды
-
20:48, 28 наурыз 2024
Синоптиктер елдің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
-
20:08, 28 наурыз 2024
Бокстан Бакудегі халықаралық турнирде ел қоржынына үш алтын медаль түсті
-
19:56, 28 наурыз 2024
Алматыда электр қуаты сөніп қалды: апатты бригадалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
-
19:43, 28 наурыз 2024
Алматыдағы нөсер жаңбыр: әкімдік көлік жүргізушілеріне ескерту жасады