Nur Otan: Түркістанда open space үлгісіндегі қабылдау кеңсесі ашылды

19:32, 19 қыркүйек 2019
579

Түркістанда "Nur Otan" партиясының Қоғамдық қабылдау кеңсесі OPEN SPACE форматына көшірілді. Бұл Жоба Елбасының партияны қайта жаңғырту бағдарламасына сай іске асып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz елордалық Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Арнайы іс-сапармен келген партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қасиетті қалаға келіп, облыс әкімі, филиал төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен бірге аралап, танысты.

Бұл орын xалық нөпірі мол орталықтағы ыңғайлы ғимарат саналады. Енді облыс тұрғындары кеңсемізге тоқтап, электронды түрде арыз-шағымын тіркетіп, тиісті жауабын ала алады. Мұндай форматтағы қабылдау Алматыдан кейін Түркістанда ашылып отыр.

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам" – "Nur Otan" партиясының 7 серпіні" атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Аталған нысан осы бағытта тұрғындардың күрделі мәселелерін шешуге атсалыспақ.

2019 жылдың 8 айында партияның облыстық филиалының Қоғамдық қабылдауына 5933 арыз-шағым түсті. Оның 45%-ы оңтайлы шешіліп, 3097 өтінішке заң аясында кеңес берілген, 74 өтініш қаралу үстінде.

- Сондай-ақ, ашылу салтанатында өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы: "Қазіргі таңда халық талапшыл, жаңашылдыққа құмар. Біз оларға көмек көрсету үшін өзіміз алдымен талапқа сай сауатты, сапалы қызмет көрсете алатын, заманауи болуымыз қажет. Партия әрдайым халықтың жағында болып, кез-келген мәселеде тиімді шешу жолымен, өзіндік орнымен, белсенділік танытып келеді. Бүгін де ашықтығы пен жақындығын көрсетіп, осы кеңсені ашып отырмыз. Осында көмек сұрап келген әрбір азаматтың мәселесін мұқият қадағалайтынына сенемін! Міндетті түрде өзім де, орынбасарларым мен басқарма басшылары да елмен тұрақты қабылдау жүргізіп отырамыз, - деп филиал ұжымына сенім білдірді.

Атап өтейік, партия филиалының төрағасы, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен ашылған "Open space" форматындағы Қоғамдық қабылдау кеңсесі Түркістан облысында алғаш рет ашылып отыр. Қоғамдық қабылдау қазір тұрғындарды қабылдауға дайын.

Жаңа кеңсенің жұмыс барысымен таныстырған филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев алдағы уақытта барлық қоғамдық қабылдаулар әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, "Азаматтарды қабылдау орталығының" да осы ашық алаңда жұмыс бастайтынын атап өтті.

Сондай-ақ партия Төрағасының бірінші орынбасары облыс әкімімен бірге "Түркістан стансасы" бастауыш партия ұйым мүшелерімен кездесті. Бұл ұйым 2012 жылы құрылып, құрамы қазір 635 мүшемен толыққан. Түркістан стансасы - Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде Түркістан вокзалында жедел штаб құрып, жолаушылар жүрген азаматтарды күтіп алып, шығарып салу жұмыстарын ұйымдастырған бастауыш партия ұйымы. Сондай-ақ партияның "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық", "Кедергісіз келешек" жобалары мен "Мектепке жол" қайырымдылық акцияларына белсене қатысып жүрген ұйымның бірі. Келелі кеңесте жиналғандар партияның "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – "Nur Otan" партиясының 7 серпіні" атты жаңа бағытын талқылап, жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Жалпы партияның Түркістан облыстық филиалында 88 048 мүше тіркелген. Бастауыш партия ұйымы 255 болса, аймақтық партия филиалдарының саны – 16.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!