Н.Нығматулиннің төрағалығымен алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

12:51, 24 қаңтар 2020

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификациялық заң жобаларын талқылайды деп күтілуде.

Атап айтар болсақ, депутаттар назарына дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады. Хаттаманың мақсаты сапалы, қолжетімді, әмбебап пошта қызметтерін дамытуды ынталандыруға мүмкіндік беретін аталған одақ шеңберінде халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта жөнелтілімдерінің транзитін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан қабылдаған міндеттемелерді орындау.

Сондай-ақ, осы күні Өзбекстанмен заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралмақ.

Тараптар келісімге сәйкес, өз мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы күресте ынтымақтастық жасайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!