Н.Нығматулин Санкт-Петерборға ұшып кетті

12:13, 21 қараша 2019
309

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 21-22 қарашада Санкт-Петерборда өтетін ТМД Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПА) шараларына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД ПА-ның биылғы күзгі сессияның басты ерекшілігі болып мерейтойлық 50-ші пленарлық отырысы саналмақ.

Күн тәртібінде - ТМД-да 2020-2022 жылдарға арналған модельдік заң шығарудың Перспективалық жоспарының жобасы, қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау туралы модельдік заң, ұлттық экологиялық қауіпсіздік орталықтарын ұйымдастыру бойынша Ұсыныстар, трансшекаралық ақпарат алмасудағы электрондық нотариаттық іс-әрекеттер туралы модельдік заңның және басқа да заң актілері бар.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин 50-ші жалпы отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ, ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысады.

Н.Нығматулин, сонымен қатар, ТМД ПАА-ның күзгі сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!