Н.Нығматулин Ораза айт мерекесімен құттықтады

09:42, 24 мамыр 2020
716

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі - Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын.

"Он екі айдың сұлтаны" саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын!

Ораза айт мерекесі - ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді.

Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке.

Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Нұрлан Нығматулин.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!