Н.Нығматулин: Елбасының үндеуі қазақстандық қоғамның бірлігін одан әрі нығайтады

11:54, 8 сәуір 2020
749

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус індеті мен әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласында айтылған бүгінгі үндеуі қазақстандықтарды қолдауға бағытталған үлкен күшке ие екенін айтты.

Мәжілістің жалпы отырысын ашқан Палата Спикері депутаттық корпустың назарын Елбасы мақаласының негізгі бағыттарының маңыздылығына аударды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Баршаңызға белгілі, бүгін республикалық ақпарат құралдарында Тұңғыш Президентіміздің арнайы Үндеуі жарияланды. Бұл Үндеу – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрқашанда өз халқымен бірге екенін көрсетіп, халқымыздың ынтымағын одан әрі нығайтуға серпін береді. Себебі, Елбасымыздың көреген саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары бірлігіміз артып, елімізде ірі саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жасалып, Қазақстанымыз барлық салада зор табыстарға жетті. Сонымен бірге, болашаққа арналған Ұлттық қорымыз да бар. Бұл қазіргі күрделі кезеңде халқымызды, әрбір азаматты жан-жақты қолдауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан, Елбасымыз айтқандай, "бірлік бар жерде алынбайтын асу жоқ". Біз бірлікті, келісімді, тұрақтылықты сақтап, осы уақытша қиындықтан аман-есен
шығатын боламыз, - деді Нұрлан Нығматулин.

Нұрлан Нығматулин Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап дамудың негізгі кезеңдерінен өткенін еске сала отырып, Елбасының күш-жігерінің арқасында мемлекетімізде болашаққа қажетті қор жинақталғанына тоқталды. Олар Ұлттық қор, дамыған экономика, инфрақұрылым және әлеуметтік реформалар.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, қазір біз жауапкершілікті арттырып, еліміздің игілігі үшін, әсіресе мұқтаж жандарға қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланумыз өте маңызды.

- Халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз, - деп Елбасы айтқандай, қазақстандықтар қазіргі күрделі жағдайды да жеңе алатынына ешқандай күмән жоқ. Елбасы атап өткендей, бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмауы маңызды. Біз, Парламент депутаттары қазақстандықтарды қазіргі қауіп-қатерден қорғау үшін, ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар заң жобаларына күш-жігерімізді жұмсаймыз, - деп сөзін түйіндеді Нұрлан Нығматулин.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!