Нигерияда шахталардағы жұмыстың көп бөлігін балалар істейді

10:44, 13 желтоқсан 2024

© Сурет: pixabay

Нигериядағы электромобильдер мен энергия сақтау батареяларында қолданылатын литийге сұраныстың артуы кедейліктің зардабынан заңсыз шахталарда жұмыс істейтін балалар санының өсуіне әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық еңбек ұйымы дүние жүзіндегі шахталар мен карьерлерде миллионнан астам бала жұмыс істейтінін анықтады. Бұл мәселе әсіресе Африкада кедейлік пен білімге қол жетімділіктің шектеулі болуына байланысты өткір болып отыр.

Африкалық балалар қауіпсіздік жағдайы сақталмаған жерлерде күн ұзаққа жұмыс істеуге мәжбүр. Негізінен олардың жұмысы тастарды сұрыптау және кенді қолмен тасымалдау. Бұл әрекеттер кезінде олар улы шаңды жұтады. Болашақта бұл тыныс алу проблемаларына және астмаға әкелуі мүмкін.

Нигерияда шахталардағы жұмыстың көп бөлігін балалар істейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2024 10:44

Сурет: pixabay

AP журналистері Нигерия қытайлық кәсіпорындарды литиймен қамтамасыз етеді деп хабарлайды. Басылым бұл мәміленің жасалғанына куә болған.

Нигерияда балалар еңбегіне тыйым салатын заңдар бар, дегенмен оны сақтап жатқан азаматтар шамалы. Себебі, елде заңсыз шахталардың саны тым көп.

Бұған дейін Иранда әйелдерге арналған жаңа заң жобасы дайындалғаны хабарланған болатын. Заң бойынша "хиджаб мәдениетін" сақтамаған әйелдер қамауға алынып, сотталады, тіпті өлім жазасына кесілуі де бек мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!