Нидерландыда 250 жолаушысы бар пойыз рельстен шығып кетті

15:58, 25 қыркүйек 2022

© Сурет: pixabay

Нидерландының Лимбург провинциясында 250 жолаушысы бар қалааралық пойыз рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккендер жоқ, деп жазады NL Times порталы.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00 шамасында орын алған (Астана уақытымен 07:00).

Көптеген жолаушы сенбі күнгі Верттегі жәрмеңкеден қайтып келе жатқан.

Пойыздың рельстен шығу себептері, әзірге белгісіз, тергеу амалдары қолға алынды. Оқиға орнына шұғыл қызметтер келіп жетті.

Жол апатына ұшыраған жолаушыларды тасымалдау үшін қосалқы пойыз жолға шықты, ол адамдарды автобустар күтіп тұрған станцияға дейін апарады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!