Неміс дәрігері сегіз науқасты өлтірді деген күдікке ілінді
© Фото: freepik
Берлиндік дәрігер сегіз егде жастағы науқасты өлтірді деген күдікке ілінді. Тергеушілердің айтуынша, күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін кейбір үйлерді өртеп те жіберген көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
CBS News ақпаратынша, жеке басы жария етілмеген 40 жастағы ер адам үйдегі мейірбикелік қызметтегі паллиативті көмек бөлімінде жұмыс істеген.
Тамыз айында ол 72 мен 94 жас аралығындағы төрт әйелді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, ал қазір Берлин прокурорлары оны 61 мен 83 жас аралығындағы ерлер мен әйелдердің тағы төрт өліміне күдікті ретінде таныды.
Тамыз айында полиция ер адамға қатысты төрт адам өлтіру, бір өртеу және үш өртеуге әрекеттенгені бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
Енді Берлин прокурорлары болжамды қылмыстарды қасақана кісі өлтіру ісі ретінде қарастыруда.
Оқиғалардың бірінде 87 жастағы кейуана жансақтау бөліміне түсті, дегенмен ауруханада қайтыс болды.
Бұған дейін Өзбекстандық бойжеткеннің "екінші әйел" болуды ұсынған сүйіктісіне пышақ ала жүгіргені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 29 қараша 2024
Мемлекет басшысы Зүлфия Сүлейменованы қабылдады: олар не туралы сөйлесті
-
16:04, 29 қараша 2024
Ұлттық банк басшысы теңгенің құлдырау мүмкіндігі туралы айтты
-
15:55, 29 қараша 2024
Ақтөбеде мас жүргізуші патрульдік полиция қызметкеріне пара беруге тырысты
-
15:40, 29 қараша 2024
29 қарашада өткен саудада доллар аздап төмендеді
-
15:28, 29 қараша 2024
Қазақстанда бірқатар мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығы белгіленеді