Недовесов пен Бублик Wimbledon турниріндегі көрсеткіштерін жақсарта алмады

20:50, 1 шілде 2022

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Александр Бублик Англия ашық чемпионатында жарысты аяқтады. Егер Недовесов жұптық сында үшінші айналымға өте алмаса, ал Бублик жекелей сында үшінші айналымды бағындыра алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Уимблдон турнирінің жекелей сында төртінші айналымға өте алмады.

Үшінші раундта Қазақстанның бірінші ракеткасы тартысты матчта АҚШ өкілі Фрэнсис Тиафоға 6-3, 6-7 (1-7), 6-7 (3-7), 4-6 есебімен есе жіберді.

Ол екінші айналымдағы ойында серб өкілі Душан Лайовичті 7:6, 6:2, 7:5 есебімен ұтқан болатын.

Ал қазақстандық тағы бір теннисші Александр Недовесов Уимблдон турнирінің жұптық сынында үшінші айналымға өте алмады.

Екінші айналымда Недовесов пәкістандық Айсам Курешимен жұптасып Рафаэль Матос (Бразилия) / Давид Вега-Эрнандес (Испания) дуэтінен 6-3, 6-7 (6-8), 3-5 есебімен жеңіліп қалды. Үшінші сетте Недовесов пен Куреши ойынды жалғастырудан бас тартты.

Матч 2 сағат 16 минутқа созылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!