Назима Жәнібекова: Қазақ екенімді мақтан тұтамын

10:48, 16 шілде 2018

Ресейде Тиматидің шоуына қатысып, танылып кеткен Назима Жәнібекова желідегі оқырмандарының сауалына жауап берді. Шымкенттен шыққан бикеш қазақ тілі мен туған жеріне деген көзқарасы жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.

“Қазақ болғанымды мақтан тұтамын, әрине сүйікті Отаным – Қазақстан.

Қазақ болғандықтан, әрине қазақша сөйлеймін”, – деп ана тілінде жауап берді Назима Жәнібекова.

Тиматиден бастап, Black Star командасының әр әншісінде татуировка бар. Бұл орайда оқырмандарды Назиманың бұл “дәстүрге” қаншалықты еретіні қызықтырған. Алайда шымкенттік бикеш ондай қадамға бармайтынын кесіп айтты.

Бұдан өзге, Назима бет терісін қалай күтетінін әңгімелеген.

“Дәрумендер ішемін, күніне 5-6 рет тамақтанамын. Жақында йога мен би жаттығуларын қайта бастаймын. Тері күтіміне келсек, бояуды барынша аз жағып, айына 1-2 рет косметологқа баруға тырысамын”, – дейді Жәнібекова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!