Назарбаев Түркия халқына қайғырып, көңіл айтты

20:14, 25 қаңтар 2020
559

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында орын алған және адамдардың қазасына әкеліп соқтырған қуатты жер сілкінісі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz elbasy.kz-ға сілтеме жасап.

"Осындай қиын сәтте қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Айта кетсек, 24 қаңтарда Түркияның шығысында 6,8 баллдық жер сілкінісі болып, салдарынан 18 адам қайтыс болды, 30-дан астам адам үйінді астында қалып, кем дегенде 225 адам жарақат алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!