Назарбаев төрағалық еткен жиын нені талқылап жатыр?

11:36, 18 қазан 2019
434

Елордада Елбасының төрағалығымен Үкімет мүшелерінің, Nur Otan партиясының және партияның Мәжілістегі фракциясының қатысуымен жиналыс басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілі Айдос Үкібайдың айтуынша, отырыста партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқылануда.

- Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан жиында "Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық және "100 нақты қадам" Ұлт жоспары бойынша партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқылануда, - деп жазды Айдос Үкібай Тwitter-де.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!