Назарбаев РФ Президенті Владимир Путинге телефон арқылы көңіл айтты

17:07, 20 қыркүйек 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Сирияда ИЛ-20 ұшағының апаты салдарынан Ресей әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты.

Көшбасшылар алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Тәжікстанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын қарастырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!