Назарбаев ресейлік телеарналарға сұхбат берді

09:14, 23 қараша 2018

Тілші сауалдарына орай, Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі негізгі халықаралық және өңірлік мәселелерге тоқталып, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында Қазақстан Президенті "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі нәтижелері жөнінде айтып, Еуразия экономикалық ынтымақтастық одағы мен "Бір белдеу, бір жол" бастамасын тоғыстырудың артықшылықтарына арнайы тоқталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірқатар жеке сұрақтарға жауап беріп, жаһандық тәртіптің одан әрі дамуының перспективаларына қатысты өз ойын ортаға салды.

Сұхбатты биылғы желтоқсан айының басында "Россия-1" және "Россия-24" телеарналары арқылы көрсету жоспарланған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!