Назарбаев өзінің Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы екенін ескертті

20:19, 19 наурыз 2019

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда сағат 19:00-де Қазақстан халқына жасаған үндеуінде ел билігінде елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беретінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес. Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады", деді Н.Назарбаев.

Өзінің одан кейінгі жұмысы туралы айта кеткен экс-президент өзінің "Нұр Отан" партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесі екенін айтты.

"Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. "Нұр Отан" партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін, - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!