Назарбаев Қазақстан туралы: ұлтаралық келісімнің сәтті үлгісі

10:51, 24 қыркүйек 2019
575

"Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік" тақырыбындағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ел ішіндегі ұлтаралық келісімдегі ерекше жетістіктерін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Әлемдегі болып жатқан сан-түрлі оқиғалар жағдайында Қазақстан ұлтаралық келісім мен толеранттылықтың сәтті үлгісі бола алады, - деді ол.

Сонымен бірге, оның сөзінше, қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру әлемдік мәдениетпен бірігу жолында ерекше маңызды.

- Мен 1993 жылы "Болашақ" арнайы бағдарламасын жариялағаннан бері мыңдаған жастарымыз мемлекет есебінен әлемнің үздік университеттерінде білім алды. Қазір олардың ондаған мыңы елге оралып, біздің елде жұмыс істейді, - деді Елбасы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!