Назарбаев Головкиннің алдағы жекпе-жегіне сәттілік тіледі

11:17, 13 қыркүйек 2018

Президенттің телерадиокешені Мемлекет басшысы мен әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кездесуінен видео үзінді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайтта айтылғандай, кәсіби бокс әлемінде ғана емес, бүкіл әлем болып күтетін оқиғалардың біріне 2 күн ғана қалды. Алдағы жекпе-жекте біздің әлем чемпионына қолдау көрсетейік.

«Қыркүйек айында сенің алдыңда өте маңызды жекпе-жек тұр. Қазақстандықтардың атынан саған табыс тілеймін. Қазақстандықтар сенің барлық кездесуіңді өте мұқият қарайды. Мақтан тұтамыз. Бұл – жастар үшін, тәрбие үшін өте маңызды», - деді президент.

"Менің ісім – жеңіп алу, сіздікі – билік ету", - деп жауап берді боксшы Назарбаевқа.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!