Назарбаев діни көшбасшыларды бірыңғай ақпараттық портал құруға шақырды

12:09, 10 қазан 2018

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер съезі негізінде ақпараттық портал құруды ұсынды деп жазады Zakon.kz.

Елбасының сөзінше, өркениеттің дамуын, азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету - әлемнің барлық діни көшбасшыларының ортақ міндеті. Осыған орай, президент олармен бірлесіп жұмыс істеу керек бағыттар туралы өз көзқарасымен бөлісті.

Ақпараттық дәуірде бейбітшілік пен келісім идеяларын алға жылжыту үшін біз жаңа технологияларды толық игеруіміз керек. Осы мақсатта біздің конгресстің негізінде ақпараттық порт құру ұсынылады. Оның міндеті - радикализмнің көріністеріне, жалпы алғанда зорлық-зомбылыққа қарсы тұруды күшейту әдістерін зерттеуге және қолдануға көмектесу, - деді Президент.

Аталмыш портал дін жолындағы адамдармен ауқымды жұмыс істеу үшін платформа болады. Себебі кез келген жан діни ұйымдардың басшыларына сауал жолдап, көкейіндегі сан сұраққа жауап ала алады.

Бұл әр діннің практикасына сәйкес фатва, түрткі және өзге де хабарлар, шағымдар түрінде қолдануға болады, - дедеі Елбасы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!