Назарбаев бүгін Қазақстан халқына мәлімдеме жасайды

17:33, 19 наурыз 2019
263

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнап мәлімдеме жасайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 19 наурызда, сағат 19:00-де Мемлекет басшысы республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасайды, - делінеді Ақорданың аңдатпасында.

Мемлекет басшысы соңғы рет қазақстандықтарға арналған ресми мәлімдемесін 21 ақпанда жасаған. Ол кезде президент ҚР Үкіметі оставкаға кетуі тиіс деп, тиісті өкімге қол қойды.

Қазақстан президентінің жыл сайынғы Жолдауы соңғы рет 2018 жылдың 5 қазанында жасалған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!