Найзағай, нөсер жаңбыр, тұманға байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

22:22, 20 наурыз 2023
116

© Сурет: pixabay

"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері 21 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батыста тұман түседі. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз облыстың оңтүстігінде 2-7 градус жылы болады.

Түркістан облысының тауларында түнде нөсер жаңбыр, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20, екпіні - 23 м/с.

Шымкентте 21 наурызда түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды.

Сонымен бірге 20 наурыздың сағат 21:00-ден 21 наурыздың сағат 21:00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

20 наурыздың сағат 21:00-ден 21 наурыздың сағат 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!