Надыров Алматыда індет өршіген тұста кейбір зертханалардың неге жұмыс істемегенін түсіндірді

16:41, 23 маусым 2020

Зертханалардың КВИ-ге тест қабылдамауы қоғамда белгілі бір деңгейде резонанс туғызды, деп мәлімдеді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Камалжан Надыров, деп хабарлайды zakon.kz.

- Алматы қаласындағы зертханалық диагностика жағдайына қатысты. Біздің зертханалардың кейбірі түрлі себептерге байланысты уақытша жұмыс істемей қалды. Осы аптада жұмыс қайта жанданады, Болат Өтемұратов қоры қалаға сыйға тартқан жылжымалы зертхана да пайдалануға беріледі. Зертханалардың уақытша жұмыс істемеуі қоғамда белгілі бір деңгейде резонанс туғызды, - деді Камалжан Надыров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тауар жеткізушілерді тарту арқылы жаңа зертханалар ашу мәселесі пысықталуда.

- Бұл бізге емделу процесін бақылауға және ауруды қатты асқындырып алмауға мүмкіндік береді. Болашақта мұндайға жол бермес үшін қазіргі қуаттылықты арттыру және жекеменшік тауар жеткізушілерді тарту арқылы жаңа зертханалар ашу мәселесі пысықталуда, - деді Надыров.

Сонымен қатар, егер қазір науқас тапсырған тест нәтижесі коронавирусты растамаса, бірақ ауруға тән клиникалық белгілер болса, лнда жаңа клиникалық хаттамаға сәйкес дәрігерлер зертхана нәтижесін күтпестен науқасты емдеуге кірісе береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!