Мырзахметовтің сапары Меркі ауданында жалғасты

12:45, 9 қазан 2019

Асқар Мырзахметов Меркі ауданына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасына енген Сұрат ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Жиында негізінен ауылдағы жеке қосалқы шаруашылықты дамыту шаралары қаралды.

Бұл округтегі жалпы 462 аулада барлығы 2830 халық тіршілік етуде. Сұраттағы 353 ауланың тұрғындары жобаның бірінші бағыты бойынша қатысуға ниетті. Сол секілді мал басын арттырып, шаруасын шалқытуға 234 аула бейіл. Бастаманың басқа да бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілмек. Тиімді несиемен нәсібін арттыруға ынталы тұрғындар талмай тер төгуге дайын.

Асқар Исабекұлы жобаның бағыттарына жекелей тоқталып, ауылдықтардың жаппайғжағдайын жақсарту -басты мақсат екенін жеткізді.

Айта кетейік, жобаның бірінші бағытына сәйкес жұмыс жасауға ынталы округтегі 353 ауланың жалпы жер көлемі 70,6 гектарды құрайды. Сұраттықтар негізінен қызанақ, картоп, қияр, қырыққабат көкөністерін егіп, екі айналымда өнім алуға дайын. Сондай-ақ, жылыжай соғуға 12 аула өтінім беруде.

Ал, екінші бағыт - мал шаруашылығы бойынша 234 аула иелерінен 9930 бас мал алуға сұраныс түскен. Бүгінде жұмыстың алғышарттарының бірі ретінде округ бойынша "Даму Сұрат" ауыл шаруашылық кооперативі құрылған. Құрылым арқылы тұқым, техника, өнім өткеру секілді көптеген мәселелерді шешу жоспарлануда. Жобаның бесінші бағыты бойынша да өзінің кәсібін ашып, ісің ілгерілетем деушілер баршылық.

Сондай-ақ, облыс басшысы "Сыпатай батыр" ЖШС-нің егістік алқабына барып, жиын-терім жұмыстарымен таныстын. "Сыпатай батыр" ЖШС – аудандағы іргелі шаруа қожалықтарының бірі. Егістікпен айналысатын серіктестік күздік бидай, жаздық арпа, жоңышқамен қатар қант қызылшасын өсіріп, мол өнімге кеңелуде. Ағымдағы жылы 185 гектарға техникалық дақыл отырғызған шаруа қожалық гектарынан 600-700 центнерден өнім түсіруді көздеуде. Аймақ басшысы серіктестіктің қант қызылшасын өткеру мәселесіне айрықша назар аударды.

Жалпы егіншілікпен айналысатын серіктестік қызылшадан бөлек күздік бидай, жаздық арпа, жоңышқа алқаптарын да жайқалтып, 60 адамды жұмыспен қамтыған шаруа қожалық иесі олар орташа есеппен 90-100 мың теңге жалақы төлеп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!